Всем привет! Новая площадка для общения. Всё самое интересное. После регистрации вы получите доступ ко всем возможностям сети Youth | https://arshalycbs.info/jbook

"Тәуелсіз еліммен мақтанамын"интеллектуалды сайыс

"Тәуелсіз еліммен мақтанамын" интеллектуалды сайыс.

 Жалтыркөл негізгі орта мектебінің 7-8-9 сынып
 оқушыларымен "Тәуелсіз еліммен мақтанамын" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Мақсаты:Отанға деген сүйіспеншілік пен махаббат, халқының мәдениеті мен тарихи мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сайысқа 7 сынып Жалын ,8 сынып Қазақ жастары,9 сынып Болашақ тобы өз топтарын таныстырды,келесі кезекте сұрақтарға Жалын тобы көп жауап беріп белсенділік танытты.Үй тапсырмасында Республика күніне жасап келген плакаттарын қорғады.Одан әрі анаграмма,қызықты тапсырмалар,капитандар сайысы,мақал-мәтелдің жалғасын табу атты сайыстарға топтар белсене қатысып,өз білімдерін көрсете білді.Нәтижесінде 1 орын Жалын,2 орын Болашак,3 орын Қазақ жастары иеленді.Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екені айқын,сол себепті  оқушыларымыз бар мүмкіндікті пайдаланып өздерін жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда.

Войдите или Зарегистрируйтесь чтобы комментировать.