Всем привет! Новая площадка для общения. Всё самое интересное. После регистрации вы получите доступ ко всем возможностям сети Youth | https://arshalycbs.info/jbook

Созвездие лучших читателей.Қошқарұлы Ғазиз.

Қошқарұлы Ғазиз 1947 жылы Қостанай облысы,Торғай өңірінде дүниеге келген. 2006 жылы зейнеткер оқырман Жалтыркөл ауылына қоныс аударып,Жалтыркөл кітапханасының тұрақты оқырманына айналды.                                                                      Ғазиз ата жастайынан кітап оқығанды жақсы көрді.Оқырманның айтуы бойынша: кітап деген де,әр адамның түсінігі әр түрлі.Мәселен біреулер ермек үшін оқыса,біреулер адам өміріңдегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді.Мен үшін кітап білімнің қайнар бұлағы.Жақсы кітапты оқу арқылы адамның  білім көкжиегі кеңейеді,ішкі жан дүниесі байыды,есте сақтау қабілетін арттырады.
Атамыз көбінесе тарихи  және көркем әдебиет шығармаларын оқығанды жақсы көреді.Арасында өлең шығаратын қабілеті бар.Айына 2-3 рет келіп кітапханадан кітап алып тұрады.Соңғы оқыған  кітаптары:.Қазақ тарихынан.Бексұлтан Нұржеке-ұлы,Алып пен Қалып.Серік Байхонов,Аталы сөз-ақылға көз.Таңатқан Рсаев,Сын түзелмей……Әмина Құрманғалиқызы,Шешендікөнер.Б.Адамбаев,Бөгет бұзылған күн.Қуаныш Жиенбай
Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде.


Войдите или Зарегистрируйтесь чтобы комментировать.