Добро пожаловать! на информационный сайт, Аршалынской | ЦБС | централизованной библиотечной системы.
Сайт! | www.radikal.ru | загрузка, редактирование ваших фотографий, для дальнейшего размещения на форуме.
Сайт! | youtube, rutube | поддерживаются теги для вставки видео в сообщения на форуме.

«Тәуелсіздік ел тірегі» тақырыбында дөнгелек үстел

отредактировано December 2017 Раздел: Наши - Мероприятия | 2017 |
Өткенсіз болашақ жоқ. Егемендік еліміздің тарихына үңілсек, 26 жыл ішінде бір қанша жетістіктерге қол жеткіздік. Әлем елдеріне танымал болдық. Міне осының барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасы. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында - жаңғыру атаулы тарихтың тамырынан нәр алмаса, адасуға алып келеді-деген еді. Тәуелсіздікке дейінгі тарихқа бір қарасақ қазақтың басынан нелер өтпеді. Сондай қиын қыстау кезеңді арқаға тастап Егемендікке қол жеткіздік. Бүгінгі іс-шарамызға «Желтоқсан оқиғасының» куәгері Тналина Тазагүл Темірғалиқызы қатынасты. Ол кісі балаларға желтоқсан оқиғасы туралы көрген білгендерін баяндады. Басынан өткерген қиыншылығын айтып, қиын кезеңде қолтығынан демеген өзге ұлт өкілдерін атын атап түсін түстеді. Балаларға пайдалы кеңестер берді. 10 сынып оқушылары көрініс көрсетіп, еліміздің жетістіктерін слайд арқылы баяндады. Тәуелсіздік туралы 10 сынып оқушылары Милахат Тоқтар, Адайхан Ақади өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды.

image

image

image
Войдите или Зарегистрируйтесь чтобы комментировать.